Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лаузымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда "Қарасу өнірі" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.";
3) қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";
4) қаулы қосымшасының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
"3) жұмыспен қамту орталығының маманы.";
5) қаулы қосымшасы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) мал дәрігері;
2) мал фельдшері.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Т.К. Бекмағанбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу
ауданының әкімі А. Шәмшиев
КЕЛІСІЛДІ:
Қарасу аудандық
маслихаттың хатшысы
__________ С. Қазиев