Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 4332 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 19.06.2014 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 19.06.2014 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.К. Бекмағанбетовке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарасу
      ауданының әкімі                            А. Шәмшиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ С. Қазиев

Әкімдіктің      
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 243 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық
айлықақыларын және тарифтік ставкаларын
кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға
құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 19.06.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.07.2015 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
      2) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
      3) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалiмдер;
      2) директор;
      3) қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
      4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, интернаттың меңгерушісі;
      5) дене тәрбиесiнiң жетекшісі;
      6) оқу ісі, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi және қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдары директорының орынбасары;
      7) логопед;
      8) әлеуметтiк педагог;
      9) ұйымдастырушы педагог;
      10) қосымша бiлiм беру педагогы;
      11) педагог-психолог;
      12) аға тәрбиешi, тәрбиешi;
      13) музыкалық жетекшi;
      14) аға жетекшi;
      15) дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы;
      16) оқу-өндiрiстiк (оқу) шеберхана меңгерушiсi;
      17) зертхана, кабинет меңгерушiсi;
      18) еңбек жөнiндегi нұсқаушы;
      19) аға әдiстемешi, әдiстемешi;
      20) өндiрiстiк оқыту шеберi;
      21) аға шеберi;
      22) медициналық бике;
      23) емдәм бикесi;
      24) хореограф;
      25) кiтапханашы;
      26) кiтапхана меңгерушiсi;
      27) алғашқы әскери даярлық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) директор, басшы;
      2) бөлiмше меңгерушісі;
      3) директордың орынбасары;
      4) сектор, бөлiм, кiтапхана меңгерушiсi;
      5) ұжымның басшысы;
      6) суретшi-ресiмдеушi, қоюшы суретшi;
      7) бейне-дыбыс жазбаның, жарық аппаратурасының операторы;
      8) кiтапханашы, библиограф;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) аккомпаниатор;
      11) көркем басшысы;
      12) хореограф;
      13) әдiскер, аға әдiскер, жетекшi әдiскер, нұсқаушы-әдiскер.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) әдiскер;
      2) нұсқаушы;
      3) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынің басшысы;
      4) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      5) жаттықтырушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады