Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт амандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 157 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 4911 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына238-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лаузымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда "Қарасу өнірі" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.";
      3) қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";
      4) қаулы қосымшасының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жұмыспен қамту орталығының маманы.";
      5) қаулы қосымшасы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) мал фельдшері.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Т.К. Бекмағанбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу
      ауданының әкімі                            А. Шәмшиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарасу аудандық
      маслихаттың хатшысы
      __________ С. Қазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады