Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 299 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйекте "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi";
мынадай мазмұндағы 5-тармағымен толықтырылсын:
"5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринарлық дәрігер;
2) ветеринарлық фельдшер.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл
ауданының әкімі Э. Күзенбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Сарыкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
_______________ А. Қарашолақов