"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімi | А. Ыбраев |
Әкiмдіктің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 қаулысымен бекітілген |
"Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
"Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшымен бекітілген аппараттың жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
5. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111809, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Речное ауылы.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістермен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының деңгейін және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымдарын арттыру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауылдық округ әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдармен қамтамасыз ету;
2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
4) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
5) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды құқықтық жалпы оқытуды және басқа да іс-шараларды өткізу;
6) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
7) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
8) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
9) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
10) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізу жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
11) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
12) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
13) мемлекеттік тілді кең қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
14) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
15) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық іс–әрекеттерді жүзеге асыру;
16) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
18) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
20) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы Ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімімен жүзеге асырады.19. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:
1) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
2) "Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппаратының құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;
3) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
5) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
6) ауылдық округ әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
11) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
12) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
13) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.