РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 5-тармағына, Павлодар облыстық Мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы (V сайланған XXVI (кезектен тыс) сессиясы) "2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 198/26 шешіміне сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы" № 109/4 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 тіркелді, 2014 жылғы 17 мамырда "Сарыарқа самалы", 2014 жылғы 29 сәуірде "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Бозымбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
2014 жылғы "9" маусым
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "29" мамырдағы
№ 181/5 қаулысымен
бекітілді
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдері
Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге | Субсидияландырылатын көлемі (бас, килограмм, дана) | Субсидиялау сомасы, мың теңге |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ірі қара мал шаруашылығы | ||||
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
бас |
3 000 |
10 109 |
30 327 |
етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||||
Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу |
||||
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы |
бас |
18 000 |
15 390 |
277 020 |
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы |
бас |
20 000 |
7 597 |
151 940 |
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу |
||||
отандық асыл тұқымды ірі қара мал |
бас |
154 000 |
483 |
74 504,5 |
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) |
бас |
200 000 |
103 |
20 600 |
импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) |
бас |
70 688 |
471 |
33 294 |
Сиыр етін өндіру үшін мал азығының құнын арзандату: |
||||
1-деңгей |
кг |
220 |
301 000 |
66 220 |
3-деңгей |
кг |
170 |
1 600 000 |
192 000 |
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу |
бас |
120 |
4 000 |
60 000 |
Барлық сомасы |
905 905,5 |
|||
сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу |
||||
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы |
бас |
20 000 |
5 486 |
109 720 |
Сүт өндіру үшін мал азығының құнын арзандату: |
||||
1-деңгей |
кг |
25 |
6 000 000 |
150 000 |
2-деңгей |
кг |
15 |
7 333 334 |
110 000 |
3-деңгей |
кг |
10 |
10 259 400 |
102 594 |
Барлық сомасы |
472 314 | |||
етті бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
Құс етін өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
3-деңгей |
кг |
50 |
35 600 |
1 780 |
Барлық сомасы |
1 780 | |||
жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
2-деңгей |
дана |
2,6 |
65 384 616 |
170 000 |
Барлық сомасы |
170 000 | |||
жылқы шаруашылығы | ||||
Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
қымыз |
кг |
60 |
416 667 |
25 000 |
жылқы еті |
кг |
92 |
271 740 |
25 000 |
Барлық сомасы |
50 000 | |||
шошқа шаруашылығы | ||||
Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату |
кг |
98 |
2 193 878 |
215 000 |
Барлық сомасы |
215 000 | |||
қой шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу |
||||
тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы, асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы |
бас |
1 500 |
18 327 |
27 490,5 |
Мынаны өндіру үшін азық құнын арзандату: |
||||
қой еті |
кг |
100 |
200 000 |
20 000 |
Барлық сомасы |
47 490,5 | |||
Барлығы |
1 862 490 |