Павлодар қаласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 551/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 3812 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 85/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 01.02.2016 № 85/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға арналған Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралары мен тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 551/2 қаулысына
1-қосымша

Павлодар қаласының аумағында тұратын, халықтың
мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізімі

      Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізбесі:
      1) дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан адамдар;
      3) жұмыс өтілі жоқ, 25 жасқа дейінгі жастар;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 551/2 қаулысына
2-қосымша

Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар және тұлғалардың қосымша тізбесі

      Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар:
      1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғаларға қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
      2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік–кеңес комиссиясының аңықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін;
      3) мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарға және тұлғалардың қосымша тізбесіне кәсіптік оқытудан өту кезеңіне күнкөріс минимумының мөлшерінен аспайтын орташа айлық табыспен материалдық көмек көрсетілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады