Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы "Екібастұз қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 20/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы N 44/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 ақпанда N 3683 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 14/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 08.01.2016 N 14/1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы "Екібастұз қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-3-315 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпандағы N 6 (1100) "Отарқа" және N 6 (2912) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) N 20/1 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесіндегі "31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына" сөздері мен сандары "31-бабының 2-тармағына" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады