РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: | Ғ. Жантемиров |
Мәслихат хатшысы: | Т. Мұқанов |
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы N 106/27 шешімімен бекітілді |
Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың ережелері
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Ережесі (әрі қарай - Ереже) 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (әрі қарай – ҮҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген.1. Жалпы ережелер
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – Қазақстан Республикасы тарихының барысына әсерін тигізген жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени оқиғалар;
2) арнайы комиссия – қиын тұрмыстық жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер, өтініш беруші тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі аудан әкімінің шешімімен құрылған комиссия;
3) күнкөріс шегі – Павлодар облысының статистика органдарымен есептелетін, құнының шамасы бойынша тұтынушылық себетінің ең аз мөлшеріне тең, бір адамға қажет ең аз ақшалай табыс;
4) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы табысы – ай сайынғы отбасы мүшелерінің әрқайсына бөлгендегі бірлескен табысының үлесі;
6) қиын тұрмыстық жағдай - өз күшімен жеңе алмайтын азаматтың өмірлік қызметін бұзатын жағдай;
7) уәкілетті орган – "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті мекеме – "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтоғай аудандық бөлімшесі;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтінген тұлғалардың (отбасының) материалдық тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін Ақтоғай ауданы әкімінің шешімімен құрылған қомиссия;
10) шектеулі мөлшер - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері.
11) шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау жағдайындағы жеке тұлғаларға немесе әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын отбасыларға мемлекет беретін ақша түріндегі төлем;
12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек алу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімделу бойынша әзірлеген іс-шаралар кешені.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы Ережедегі әлеуметтік көмек ретінде, мұқтаж азаматтардың (әрі қарай – алушылардың) жекелеген санатына қиын тұрмыстық жағдайға тап болғанда, сондай-ақ атаулы және мереке күндерге орай жергілікті атқарушы органдарымен (әрі қарай - ЖАО) ұсынатын ақшалай түрдегі көмек.
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 сәуіріндегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға осы Ережеде қарастырылған тәртіп бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі.
5. Ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек банк операцияларының тиісті түріне лицензиясы бар ұйымдармен немесе екінші деңгейдегі банктермен көмек алушының есеп шотына аударылу арқылы ұсынылады.
6. Әлеуметтік көмек бір рет немесе мерзім бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) ұсынылады.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өзінің қызметін Павлодар облысы ЖАО бекіткен қағидаға сәйкес жүзеге асырады.
8. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мерекелік күндер тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр – Жеңіс күні;
3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің күні.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.07.2014 N 135/33 (жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының жиынтығын
және әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау тәртібі
9. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ұсынылады:1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (әрі қарай - ҰОС);
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда:
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған гетто, концлагерлердiң, және басқа да ерiксiз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғалар;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушы тұлғалар (әрі қарай - АЭС);
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда:
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты немесе басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған екінші рет некелеспеген әйелдері (күйеулері);
Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар;
4) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
5) зейнет жасына жеткен тұлғалар, атап айтқанда:
ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын азаматтар;
ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын 80 және одан асқан жастағы азаматтар;
6) мүгедектер, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
1, 2, 3 топ мүгедектері;
кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;
балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасылары;
мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасылары;
7) кірісі азық-түлік себеті мөлшерінен аспайтын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аз камтамасыз етілген көп балалы отбасы;
8) бір адамға шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген күн көріс шегі мөлшерінен аспайтын, облыстың жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттері және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
9) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:
бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
табысы күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби оқу мен қайта дайындықты өтуге жіберілгендер;
өрт, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалғандар;
кірісі күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе мемлекеттік жәрдемақы алушы қатарындағы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;
отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
10) әлеуметтік маңызды науқасы бар тұлғалар, атап айтқанда:
онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
қант диабетінен зардап шегуші тұлғалар.
адамның иммунотапшылығы қоздырғышын тасымалдаушы және адамның иммунотапшылығы қоздырғышынан туындаған аурудан зардап шегуші тұлғалар.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.07.2014 N 135/33 (жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2015 N 171/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
10. Уәкілетті орган кірісін есептемеусіз әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) атаулы және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық қарттар күніне:
осы Ереженің 9-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізім негізінде;
Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:
осы Ереженің 9-тармағы 6) тармақшасының бірінші, екінші (1, 2 топ мүгедектері ғана), үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізім негізінде;
Жеңіс күніне:
осы Ереженің 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті мекемемен келісілген тізім негізінде;
осы Ереженің 9-тармағы 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық әйелдер күніне:
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізім негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Ереженің 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге ауылдық округ әкімінің дайындаған сметасына сәйкес тұрғын үйді жөндеу жұмысына 70 айлық есептік көрсеткішке дейін (әрі қарай – АЕК) әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 6) тармақшасының екінші абзацында (3 топ мүгедектері ғана) көрсетілген санаттар үшін, осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізім негізінде – 3000 теңге мөлшерінде;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге "Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім және жеке өтінішінің негізінде - 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің анықтамасы, тұрғын-үй тұрмыстық акті, жеке өтінішінің негізінде – 20 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың Павлодар облысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтамасы, жеке өтінішінің негізінде - 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың "Ақтоғай аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрғаны туралы анықтамасы және жеке өтінішінің негізінде - 30 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында тіркеуде тұрғаны туралы анықтамасы және жеке өтінішінің негізінде - 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың Павлодар облысы "Павлодар облыстық ЖҚТБ-нің (жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісінің) алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесінде есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтамасы, жеке өтінішінің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Ереженің 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін облыс орталығына бару және кейін қайтудың жол ақысын төлеуге ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізімінің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде;
осы Ереженің 9-тармағы 5) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін зейнеткер куәлігінің көшірмесі, осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізімінің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде;
осы Ереженің 9-тармағы 6) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, Павлодар облысы мамандандырылған мекемесінің қорытындысы көрсетілген ата-анасының бірінің өтінішінің негізінде – 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Ереженің 9-тармағы 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін ауылдық округ әкімдерінің тізімінің негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 АЕК және коммуналдық қызметті төлеуге 3,6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі көрсетілген ата-анасының бірінің өтінішінің негізінде 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.10.2014 № 157/37 (жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 23.02.2015 N 171/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
11. Уәкілетті орган кірісін ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Ереженің 9-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге өтініші негізінде жоғарғы оқу орындарында оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге оқушының сабаққа қатысу табелінің көшірмесі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін шартты ақшалай көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және отбасы мүшелерін, еңбекке қабілеттілерін қосқанда әлеуметтік бейімделуге қажет жағдайда өтініш (осы Қағиданың 1 қосымшасы) және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек).
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Ереженің 9-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге өтініші негізінде "Мектепке жол" акциясы бойынша бір оқушыға – 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасында көрсетілген, кірісі азық-түлік себеті мөлшерінен аспайтын санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге өтініші негізінде – көмір сатып алуға 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1),2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтамасы көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге малдың бары (жоғы) туралы ауылдық округ ветеринарының анықтамасы, сатып алынатын малдың төлқұжатының көшірмесі, малды сатып алу туралы ниет-шарты, малды сатып алу туралы баламалы ниет-шарт және өтініші негізінде – ірі және ұсақ қара мал сатып алуға 80 АЕК мөлшеріне дейін әлеуметтік көмек;
3) жарты жылда бір рет төленетін әлеуметтік көмек:
осы Ереженің 9-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге Ақтоғай ауданының әкімінің, жоғарғы оқу орынның басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісімшарт және өтініші негізінде білім беру қызметтерін өтеуге оқудың нақты бағасы бойынша әлеуметтік көмек.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.07.2014 N 135/33 (жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2014 № 157/37 (жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 23.02.2015 N 171/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
12. Атаулы және мерекелік күндерге алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірдей мөшерде белгіленеді.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызуға негіз болатын жергілікті өкілетті органдар бекіткен жиынтықты басшылыққа алады.
13. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін аудандық арнайы комиссия анықтайды және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі жөнінде оны қорытындыда көрсетеді.
13-1. Отбасының әр мүшесіне (тұлғаға) берілетін әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (тұлғаның) әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы мен облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Шартты ақшалай көмек мөлшері отбасы құрамы өзгерген кезде, сол сияқты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау сәтіне берілетін табыстарды есепке ала отырып мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады, аталған жағдайлардың басталған сәтінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындалған сәтінен ерте емес.
Ескерту. 2-бөлім 13-1-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы және мерекелік күндерде әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, уәкілетті ұйымның немесе басқа ұйымдардың ұсынысы бойынша көрсетіледі.15. Қиын тұрмыстық жағдай кезінде өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне әлеуметтік көмек алу үшін төмендегі құжаттар мен банк операцияларының тиісті түріне лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті ұсынады:
1) жеке басын растайтын құжат;
2) тұрақты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) тұлғаның (отбасы) ҮҚ 1-қосымшасына сәйкес құрамы туралы мәлімет;
4) 10-тармақ 1) тармақшаның бірінші, екінші, 2) тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында, 3) тармақшада көрсетілген әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғалар үшін, тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәлімет;
5) қиын тұрмыстық жағдайды растайтын құжат.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.07.2014 N 135/33 (жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15-1. Әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек жүгінген отбасына (адамға) уәкілетті орган, селолық округ әкімі не ассистент көмек көрсету шарттары туралы консультация береді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартына келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді, нәтижесінде отбасы (адамның) мәселелері туралы ақпаратты, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі туралы нақтылайды, сонымен қатар алдын-ала анықтайды:
1) үміткердің шартты ақшалай көмек алу құқығын;
2) әлеуметтік бейімделу бойынша ұсынылатын шаралар түрлерін;
3) жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шаралары.
Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді және осы Ереженің 2 және 3 қосымшаларына сәйкес өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толықтырылады.
Ескерту. 3-бөлім 15-1-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15-2. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген айының алдындағы 3 айында алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Сондықтан жиынтық табыс Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес есептеледі.
Ескерту. 3-бөлім 15-2-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15-3. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш айға біржолғы төлемі ретінде төленеді.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарызды өтеу, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
Ескерту. 3-бөлім 15-3-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
16. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, құжаттардың түпнұсқасы өтініш иесіне қайтарылады.
17. Қиын тұрмыстық жағдайға байланысты әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш иесінің құжаттарын тұлғаның (отбасы) тұрмыстық жағдайына талдау жасау үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш иесінің тұрмыстық жағдайын тексеріп, нәтижесі бойынша тұлғаның (отбасы) жағдайы туралы акт жасап, тұлғаның (отбасы) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы Үлгілік қағидада бекітілген нысанға сәйкес қорытынды дайындап, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісін және қорытындысын алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны құжаттар қосымшасымен бірге уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар толық болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті органдардан әлеуметтік көмек көрсетуді қарастыру үшін ұсынылған қажетті құжаттарды сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарының жоғалуына, бұзылуына байланысты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтер негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган поселок, ауыл, ауылдық округтің учаскелік комиссиясынан құжаттар түскеннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасы) орташа жанға шаққандағы табысын есептеп, толық құжатты арнайы комиссия қарауына шығарады.
22. Арнайы комиссия құжат түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қорытынды шығарып, әлеуметтік көмек мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініштің тіркелген күнінен бастап сегіз күн ішінде қабылданған құжаттар және арнайы комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы ереженің 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган өтініш иесінен құжаттар қабылдаған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
24. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш иесін шешім қабылданғаны туралы (бас тартылған жағдайда негіздеме көрсетіліп) жазбаша хабарландырады.
25. Белгіленген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік жыл ішінде екінші рет көрсетілмейді.
26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту жүзеге асырылады:
1) өтініш иесінің нақты емес мәліметтер ұсынғаны анықталғанда;
2) өтініш беруші тұлға (отбасы) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда;
3) тұлғаның (отбасы) орташа жанға шаққандағы табыс мөлшері жергілікті атқарушы органдар белгілеген шамадан артық болғанда.
27. Әлеуметтік көмек ұсыну шығыстары ағымдағы қаржылық жылға арналған республикалық маңызды қала, астана, аудан (облыстық маңыздағы қала) бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
27-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау:
1) Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек алу құқығын анықтағаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасының мүшелерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау нысандарын және отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақыртады.
Бұл ретте үміткерлер оның ішінде, өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, осы Ереженің 27-1 тармағы 3) тармақшасында қаралған жағдайды және 1, 2 топтағы мүгедектері, күндізгі оқыту түрінің оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды қоспағанда, бір жұмыс күні ішінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.".
2) Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) оның отбасының мүшелерімен бірлесіп жасалады және аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу жөніндегі көзделген іс-шаралары бар, дербес жағдайда:
- уәкілетті органның және (немесе) жұмыспен қамту орталығының көмегімен белсенді жұмыс іздеу және оларға ұсынылған жұмыс орнына жұмысқа тұру;
- кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
- жеке кәсәпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу;
- халықтың нысаналы топтарын кезеңдік скринингтік тексеруден өткізу;
- отбасы құрамында, жүкті әйелдер болған жағдайда жүктіліктің 12 аптасына дейін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін және жүктіліктің барлық кезеңі ішінде бақылайтын денсаулық сақтау ұйымдарына есепке қою;
- әлеуметтік – маңызды сырқаттар болғанда (онкология, нашақорлық, түберкулез) ерікті түрде емделу;
- арнайы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді сауықтыру шараларын қабылдау;
- аз қамтылған отбасының (адамның) жеке қажетттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша белгіленген кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі өзге де іс-шаралар.
3) Жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына қатысу отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады, тек келесі жағдайлардан басқа:
- станционарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу кезеңіне (тиісті медициналық ұйымдардың растаушы құжаттарын ұсынған кезде);
- жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, үш жасқа дейінгі балаларды күту өзгелердің күтімі мен көмегіне мұқтаж он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарт адамдарды күтуді жүзеге асыру.
4) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға тағы да алты айға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеуді ұзарту қажеттілігі жағдайында және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің кәсіптік оқуды және (немесе) жастар практикасынан өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайда бір жылдан аспайтын уақытқа жасау.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың мерзімін ұзартуына байланысты әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
5) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт екі данада жасалады, оның біреуі тіркеу журналына қол қойғызып өтініш берушіге беріледі, екіншісі - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған органда сақталады.
6) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндетемелерді орындалу мониторингісі оны жасаған органмен жүзеге асырылады.
7) Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық бағытында сүйемелдеу және жеке жоспардың орындалуын бақылау, сондай ақ тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Ескерту. 3-бөлім 27-1-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Ұсынылған әлеуметтік көмекті
тоқтату немесе қайтаруға негіз
28. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:1) көмек алушының қайтыс болуы;
2) көмек алушы тиісті әкімшілшік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге тұрақты орынға көшкенде;
3) көмек алушы мемлекеттік медико-әлеуметтік мекемеге тұруға жіберілгенде;
4) өтініш беруші ұсынған анық емес мәліметтер бергені анықталғанда.
5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және әлеуметтік келісімшарты бойынша міндетемелерін орындамауы және бұзылуы.
Әлеуметтік көмекті төлеу жоғарыда көрсетілген айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту.28-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
29. Артық төленген сома Қазақстан Республикасында белгіленген заңнама тәртібінде немесе өз еркімен қайтарылуы тиіс.
5. Қорытынды ереже
Ескерту. Шешім 5 - бөліммен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.30. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі және есепке алуы уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді.
Ақтоғай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ережелеріне 1-қосымша |
Шартты ақшалай көмек алу өтініш
Ескерту. Шешім 1 - қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.__________________________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
________________________________________________________
(елді мекені, ауданы)
________________________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік №____________________________________
________________________________________________________
берілген күні _____________________________
ЖСН ___________________________________________________
Өтініш
Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
тұрғын үй көмегі
арнайы әлеуметтік қызметтер
мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
"____"__________20___ ж. ___________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________Құжаттар қабылданды
"____"__________20___ ж. ______________________________________________
(күні) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Отбасының тіркеу нөмірі | |
Өтініш қоса берілген құжаттармен "____"__________20___ ж. учаскелік комиссияға берілді.
"____"__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы _______________________________________________________________________________;
Өтініш берушінің қолы ___________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі "____"__________20___ ж.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
_________________________________________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Азамат __________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен "____"__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
_________________________________________________________________________
Ақтоғай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ережелеріне 2-қосымша |
Шартты ақшалай көмек алу үшін әңгімелесу парағы
Ескерту. Шешім 2 - қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Өтініш берушінің Т.А.Ә. _________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері) :
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | | | | | | |
Зайыбы (жұбайы) | | | | | | |
Басқа ересектер | | | | | | |
Өтініш беруші: _________________________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы):_______________________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: ______________________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас _________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар __________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы ________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ____
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы ________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Басқа __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы (лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
Ақтоғай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ережелеріне 3-қосымша |
Шартты ақшалай көмек алу үшін өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама
Ескерту. Шешім 3 - қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 230/53 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер: | ||||||||
Т.А.Ә. | Туған күні | Туыстық қатынасы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) | |||
| | Өтініш беруші | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) | ||||||||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | |
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады. | ||||||||
Р/с № | Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды) | Құжаттармен расталған табыс сомасы | Өзге де мәлімделген табыстар | ||||
еңбек қызметінен түскен табыстар | зейнетақылар, жәрдемақылар | кәсіпкерлікқызметтентүскентабыстар | Стипен дия | Али мент | өзге де табыстар | |||
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: ________________________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген) ;
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)___________________________________________________________
қажеттісінің астын сызу
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
| | |
__________________________________________________________________________
өтініш беруші______________________________________________________________
зайыбы (жұбайы)___________________________________________________________
балалар___________________________________________________________________
басқа да туысқандар________________________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
микрокредит беру;
кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
"Жастар практикасына" қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________ ____________________ _________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)