Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы (V шақырылған, XXVII (кезектен тыс) сессиясы) № 106/27 "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 157/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 4146 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі N 30/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 30/5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 106/27 "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2014 жылдың 18 наурызында № 3732 тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде "Ауыл тынысы" газетінің № 13, "Пульс села" газетінің № 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және Ақтоғай ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерінде:
      10-тармақтың 1) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      11-тармақтың 2) тармақшасындағы жетінші абзац алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б. Нұрмағамбетов
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады