Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы (V шақырылған, XXVII (кезектен тыс) сессиясы "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" № 106/27 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 230/53 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4896 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі N 30/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 30/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" № 106/27 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2014 жылдың 18 наурызында № 3732 тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде № 13 "Ауыл тынысы" газетінің, № 13 "Пульс села" газетінің жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      осы аталған шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерінде:
      2-тармақ келесі тармақшаларымен толықтырылсын:
      "11) шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау жағдайындағы жеке тұлғаларға немесе әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын отбасыларға мемлекет беретін ақша түріндегі төлем;
      12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек алу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімделу бойынша әзірлеген іс-шаралар кешені.".
      9-тармақтың 9) тармақшасы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар;".
      11-тармақтың 1) тармақшасы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін шартты ақшалай көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және отбасы мүшелерін, еңбекке қабілеттілерін қосқанда әлеуметтік бейімделуге қажет жағдайда өтініш (осы Қағиданың 1 қосымшасы) және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек).".
      2-бөлім келесі тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Отбасының әр мүшесіне (тұлғаға) берілетін әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (тұлғаның) әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы мен облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Шартты ақшалай көмек мөлшері отбасы құрамы өзгерген кезде, сол сияқты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау сәтіне берілетін табыстарды есепке ала отырып мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады, аталған жағдайлардың басталған сәтінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындалған сәтінен ерте емес.".
      3-бөлім келесі тармақтармен толықтырылсын:
      "15-1. Әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек жүгінген отбасына (адамға) уәкілетті орган, селолық округ әкімі не ассистент көмек көрсету шарттары туралы консультация береді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартына келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді, нәтижесінде отбасы (адамның) мәселелері туралы ақпаратты, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі туралы нақтылайды, сонымен қатар алдын-ала анықтайды:
      1) үміткердің шартты ақшалай көмек алу құқығын;
      2) әлеуметтік бейімделу бойынша ұсынылатын шаралар түрлерін;
      3) жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шаралары.
      Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді және осы Ереженің 2 және 3 қосымшаларына сәйкес өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толықтырылады.".
      "15-2. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген айының алдындағы 3 айында алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Сондықтан жиынтық табыс Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес есептеледі.".
      "15-3. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш айға біржолғы төлемі ретінде төленеді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарызды өтеу, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.".
      "27-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау:
      1) Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек алу құқығын анықтағаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасының мүшелерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау нысандарын және отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақыртады.
      Бұл ретте үміткерлер оның ішінде, өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, осы Ереженің 27-1 тармағы 3) тармақшасында қаралған жағдайды және 1, 2 топтағы мүгедектері, күндізгі оқыту түрінің оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды қоспағанда, бір жұмыс күні ішінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.".
      2) Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) оның отбасының мүшелерімен бірлесіп жасалады және аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу жөніндегі көзделген іс-шаралары бар, дербес жағдайда:
      - уәкілетті органның және (немесе) жұмыспен қамту орталығының көмегімен белсенді жұмыс іздеу және оларға ұсынылған жұмыс орнына жұмысқа тұру;
      - кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
      - жеке кәсәпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу;
      - халықтың нысаналы топтарын кезеңдік скринингтік тексеруден өткізу;
      - отбасы құрамында, жүкті әйелдер болған жағдайда жүктіліктің 12 аптасына дейін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін және жүктіліктің барлық кезеңі ішінде бақылайтын денсаулық сақтау ұйымдарына есепке қою;
      - әлеуметтік – маңызды сырқаттар болғанда (онкология, нашақорлық, түберкулез) ерікті түрде емделу;
      - арнайы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді сауықтыру шараларын қабылдау;
      - аз қамтылған отбасының (адамның) жеке қажетттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша белгіленген кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі өзге де іс-шаралар.
      3) Жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына қатысу отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады, тек келесі жағдайлардан басқа:
      - станционарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу кезеңіне (тиісті медициналық ұйымдардың растаушы құжаттарын ұсынған кезде);
      - жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, үш жасқа дейінгі балаларды күту өзгелердің күтімі мен көмегіне мұқтаж он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарт адамдарды күтуді жүзеге асыру.
      4) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға тағы да алты айға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеуді ұзарту қажеттілігі жағдайында және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің кәсіптік оқуды және (немесе) жастар практикасынан өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайда бір жылдан аспайтын уақытқа жасау.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың мерзімін ұзартуына байланысты әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
      5) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт екі данада жасалады, оның біреуі тіркеу журналына қол қойғызып өтініш берушіге беріледі, екіншісі - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған органда сақталады.
      6) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндетемелерді орындалу мониторингісі оны жасаған органмен жүзеге асырылады.
      7) Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық бағытында сүйемелдеу және жеке жоспардың орындалуын бақылау, сондай ақ тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.".
      28-тармақ келесі тармақшасымен толықтырылсын:
      "5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және әлеуметтік келісімшарты бойынша міндетемелерін орындамауы және бұзылуы.";
      келесі мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:
      "5. Қорытынды ереже
      30. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі және есепке алуы уәкілетті орган "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді.
      осы шешімнің 1-3 қосымшаларына сәйкес 1-3 қосымшаларымен сәйкестендіріліп толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия торағасы Ғ. Жантеміров
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

  Ақтоғай ауданында
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау ережелеріне
1- қосымша

Шартты ақшалай көмек алу өтініш

      __________________________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
________________________________________________________
(елді мекені, ауданы)
________________________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік №____________________________________
________________________________________________________
берілген күні _____________________________
ЖСН ___________________________________________________

Өтініш

      Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.
      Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
      Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
      Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
      Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
      Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
      Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
      тұрғын үй көмегі
      арнайы әлеуметтік қызметтер
      мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету
      жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
       "____"__________20___ ж. ___________________
       (күні) (өтініш берушінің қолы)
       Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
      __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________Құжаттар қабылданды
      "____"__________20___ ж. ______________________________________________
      (күні)                   (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
      Отбасының тіркеу нөмірі | |
      Өтініш қоса берілген құжаттармен "____"__________20___ ж. учаскелік комиссияға берілді.
       "____"__________20___ ж. қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы _______________________________________________________________________________;
      Өтініш берушінің қолы ___________________
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі "____"__________20___ ж.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
      _________________________________________________________________________
       _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
      (қию сызығы)
      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.
      Азамат __________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен "____"__________20___ ж. қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
      _________________________________________________________________________

  Ақтоғай ауданында
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау ережелеріне
2-қосымша

Шартты ақшалай көмек алу үшін әңгімелесу парағы

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. _________________________________________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _________________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері) :

Отбасы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмыс өтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағдылары мен шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
Зайыбы (жұбайы)
 
 
 
 
 
 
Басқа ересектер
 
 
 
 
 
 

      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
      Өтініш беруші: _________________________________________________________________
      Зайыбы
      (жұбайы):_______________________________________________________________________
      Отбасының басқа да ересек мүшелері: ______________________________________________
      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас _________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Отбасындағы қиындықтар __________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы ________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ____
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы ________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Басқа __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Тараптардың қолы
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік                         Қатысушы (лар)
      бағдарламалар бөлімі
      ___________________ (қолы)                   _________________ (қолы)
      ___________________ (күні)                   _________________ (күні)

  Ақтоғай ауданында
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау ережелеріне
3-қосымша

Шартты ақшалай көмек алу үшін өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Т.А.Ә.
Туған күні
Туыстық қатынасы
Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)
 
 
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма __________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
Р/с

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды)
Құжаттармен расталған табыс сомасы
Өзге де мәлімделген табыстар
еңбек қызметінен түскен табыстар
зейнетақылар, жәрдемақылар
кәсіпкерлікқызметтентүскентабыстар
Стипен дия
Али мент
өзге де табыстар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      * Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
      тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: ________________________;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
      тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген)      ;
            қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
            қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)___________________________________________________________
            қажеттісінің астын сызу
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
 
 
 

      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
      __________________________________________________________________________
      өтініш беруші______________________________________________________________
      зайыбы (жұбайы)___________________________________________________________
      балалар___________________________________________________________________
      басқа да туысқандар________________________________________________________
      16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
      __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      тамақтануға да жетпейді
      тамақтануға ғана жетеді
      тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
      балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
      __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
      Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
      іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
      микрокредит беру;
      кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      "Жастар практикасына" қатысу;
      әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
      __________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________            ____________________       _________________
       (күні)                               (Т.А.Ә.)                   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады