Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы (V шақырылған, XXVII (кезектен тыс) сессиясы) "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" № 106/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 135/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 3916 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі N 30/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 30/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 106/27 "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2014 жылдың 18 наурызында № 3732 тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде "Ауыл тынысы" газетінің № 13, "Пульс села" газетінің № 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      8 тармақтың 4) тармақшасы:
      "қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің күні." түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
      9 тармақтың 9) тармақшасының бесінші абзацы:
      "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе мемлекеттік жәрдемақы алушы қатарындағы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;" түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
      11 тармақтың 2) тармақшасы:
      "осы Ереженің 9 тармағы 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15 тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге және өтініші негізінде - спутниктік теледидар орнату үшін 12 АЕК мөлшеріне дейін әлеуметтік көмек;" түріндегі абзацпен толықтырылсын;
      15 тармақтың бірінші абзацы:
      "Қиын тұрмыстық жағдай кезінде өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне әлеуметтік көмек алу үшін төмендегі құжаттар мен банк операцияларының тиісті түріне лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті ұсынады:" түрінде жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және амақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Сматаева
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады