Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 65 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда N 3740 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 19.01.2015 № 12 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 19.01.2015 № 12 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтоғай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Аудан әкімі

М. Сейтахметов


Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
N 65 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған
азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi

      1. Аумақты мұздан тазалау.
      2. Аумақты қардан тазалау.
      3. Аумақты қоқыстан тазалау.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      5. Аумақты арамшөптерден тазалау.
      6. Ғимараттарды, қоршауларды сырлау.
      7. Ғимараттарды, қоршауларды, ағаштарды ақтау.
      8. Гүлбақтарды, гүлзарларды, көшеттерді бөлу және отырғызу.
      9. Гүлбақтарды, гүлзарларды, көшеттерді суару.
      10. Жас бұтақтарды кесу.
      11. Шөп шабу.
      12. Суағар жыраларды шөптен және қоқыстан тазалау.
      13. Ескі құрылыстарды бұзу кезіндегі құрылыс қоқыстарын тазалау.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады