"Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы N 154/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде N 3759 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 02 маусымдағы N 176/34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 02.06.2014 N 176/34 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" N 410 қаулысына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            З. Молдашбекова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т. Қасен

Бекітілді          
Баянауыл аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 17 наурыздағы  
N 154/30 шешімімен     

"Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Баянауыл аудандық мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Баянауыл аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      7. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140300, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат Баянаульского районного маслихата".
      10. Осы Ереже "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12."Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.........................................................
      

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де камтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      14. Негізгі міндеттері:
      1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
      2) аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
      3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      4) тұрғындарды аудандық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
      5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
      7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;
      2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қортындысы бойынша анықтамалар дайындау.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Баянауыл аудандық мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық саулдар жолдау;
      5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
      6) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.
      18. Аудандық мәслихатттың хатшысы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      19. Баянауыл аудандық мәслихаты хатшысының өкілеттіктері "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты":
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілетті етеді;
      11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      12) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;
      13) мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ;
      14) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
      15) "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жөнінде шара қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданған үшін дербес жауапкершілік етеді;
      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Баянауыл аудандық мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      20. Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы өз аудандық мәслихатының аппараты басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      21. Баянауыл аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады