Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. "Ертіс ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Пішембаев |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "14" қарашадағы № 323/9 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және облыстық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұндағы:
Ап –жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын үй емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөшерлемесі;
Бс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалға алу базалық мөлшерлемесі;
тиісті жылға Ертіс ауданы аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш;
S – жалға берілетін алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы Жалдаушы алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
Р/с № | Коэффициенттер түрі | Коэффициент мөлшері |
1 | Құрылыс түрін ескеретін коэффициент (Кт): | |
| 1.1 әкімшілік | 1,0 |
1.2 өндірістік | 0,8 | |
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық | 0,6 | |
2 | Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк): | |
2.1 жеке тұратын құрылыс | 1,0 | |
2.2 салынған-жалғай салынған бөлігі | 0,9 | |
2.3 жертөле (жартылай жертөле) бөлігі | 0,7 | |
2.4 жертөле бөлігі | 0,6 | |
3 | Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск): | |
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1 азаяды | 1,0 | |
4 | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): | |
4.1 аудан орталығы үшін | 1,0 | |
4.2 кент, ауыл | 0,5 | |
4.3 демалыс аймағы | 1,0 | |
5 | Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): | |
5.1 тұрғындарға қызмет көрсету үшін банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпошта" акционерлік қоғамы, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар | 2,5 | |
5.2 делдалдық қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, сонымен қатар, ұялы байланыс, радио байланысы қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін | 3,0 | |
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін | 2,5 | |
5.4 қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін | 1,5 | |
5.5 саладағы қызметтерді ұйымдастыру үшін: ғылым және жоғары білім орта білім мектепке дейінгі білім | 1,1 0,9 0,8 | |
| 5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін | 1,0 |
5.7 қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру үшін, өткізу жүйесі бар (шекті қол жеткізу) республикалық және коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында тұрмыстық қызметтер көрсету, сонымен қатар оқу орындарында асханалар және буфеттер үшін | 0,4 | |
5.8 5.1-5.7-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін | 1,9 | |
6 | Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф) | |
6.1 сауда-делдалдық қызметтен басқа, өндірістік қызмет ұйымы және тұрғындарға көмек көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін | 0,9 | |
6.2 мемлекеттік акциялар пакетін иеленуді және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша растауы ұсынылған жағдайда, елу және одан көп акциялар пайызы (қатысу үлестері) бар және бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан 90 пайызынан кем емес табыс алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін | 0,8 | |
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін | 0,5 | |
6.4 қалғандары үшін | 1,0 |
Ап = С х Nam /100 х Кп
мұндағы:
Ап – жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары (Салық кодексі);
Кп – төмендету коэффициенті (алпыс пайыздан аса жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттардың тозуы кезінде - 0,8 мөлшерінде сауда-саттық (делдалдық) қызметтен басқа халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыну кезінде - 0,5 мөлшерінде қолданылады).