Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 219/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 3872 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 109/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 26.04.2016 № 109/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру арқылы квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Күлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады