Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 226/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 3876 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 70/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 11.04.2016 № 70/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуды мұқтаж ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан Лебяжі ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы мүгедектердің квота белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады