Май ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 180/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда № 3856 болып тіркелді. Күші жойылды – қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Май ауданы әкімі аппарат басшысының 2016 жылғы 02 наурыздағы № 1-27/246 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды – қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Май ауданы әкімі аппарат басшысының 02.03.2016 № 1-27/246 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Май ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес, қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Е. Ахамбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Жармағамбетов

      

  Май ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "11" мамырдағы
№ 180/6 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Атауы
Мемлекеттік білім беретін тапсырыс орындары
Мемлекеттік қаржыландырудың айлық өлшемі, теңге
Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге
1
2
3
4
5
1
Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Ақбота" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70 (республикалық бюджет)
27021
1 – ден 3 жасқа дейін - 6400;
3 – тен 7 жасқа дейін - 6800
2
Май ауданы әкімдігінің, Кентүбек селолық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
50
(республикалық бюджет)
32242
1 – ден 3 жасқа дейін - 6000;
3-тен 7 жасқа дейін - 6400
3
Май ауданы әкімдігінің Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының "Балбөбек" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
22251
1 – ден 3 жасқа дейін - 5250;
3-тен 7 жасқа дейін - 6300
4
Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Айгөлек" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
70
(республикалық бюджет)
29671
1 – ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
5
Май ауданы әкімдігінің, Ақшиман селолық округі әкімі аппаратының "Балауса" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
30 (республикалық бюджет)
21397
1 – ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
6
Май ауданы әкімдігінің "Балдәурен" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
45 (жергілікті бюджет)
40265
3-тен 7 жасқа дейін - 6800
7
Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының "Айгерім" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
20 (республикалық бюджет)
51600
1- ден 3 жасқа дейін - 6400;
3-тен 7 жасқа дейін – 6800

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады