2014 жылға отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтар санаттары және оның мөлшерлері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 179/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 3869 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 238/42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 23.02.2015 № 238/42 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік мекемелер мамандарына отын сатып алу бойынша 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады