Шарбақты ауданының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындар үлесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 04 маусымдағы № 192/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 маусымда № 3853 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 136/3 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес жұмыспен қамтуға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамту үшін көмек көрсету мақсатында, Шарбақты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
      2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушiлерге тиiстi жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектердi үлестірілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік етуші аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады