2014 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмысқа орналасуға мұқтаж интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары үлесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 225/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 шілдеде № 3862 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 17 ақпандағы N 35/1-17/110 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімі аппарат басшысының 17.02.2015 N 35/1-17/110 хатымен).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6), 5-5) тармақшаларына сәйкес тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының үлесін белгілеу:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз көлемінде жұмыс орындары;
      интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Шарбақты ауданының мекемелерінде меншік құрылымына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
      2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалар, сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне тиісті жұмыс берушілерге жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Букаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады