Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/683 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 1084 болып тіркелді. Күші жойылды – Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы әкімдігінің 27.09.2016 № 3/479 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының 3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі қоса беріліп отырған критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны интернет - ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
18 тамыздағы 2014 жылғы
№ 3/683 қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлкін иелiктен шығару түрлерін
таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы

№ р\с

Критерий атауы

Меншіктен шығару түрі

1

Келесі критерийлер болғанда:
Нысанға бұдан әрі бақылау жасауға мемлекеттің қызығушылығының жоқтығы;
белгіленген заңнамалық мерзімде Нысанды сатудан бюджетке ақша қаражатын алудың қажеттілігі;
ең жоғарғы мүмкіндік бағасы және сауда–саттыққа қатысушыларды мол тарту бойынша Нысанды тарату қажеттілігі.
аукцион түрінде сауда-саттық өткізу

2

Келесі критерийлер болғанда:
белгіленген заңнамалық мерзімде Нысанды сатудан бюджетке ақша қаражатын алудың қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт аралығында Нысанға мемлекеттік бақылауды сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, несиегерлік берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар);
ең жоғарғы мүмкіндік бағасы бойынша Нысанды тарату қажеттілігі.
коммерциялық тендер түрінде сауда-саттық өткізу

3

Келесі критерийлер болғанда:
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт аралығында Нысанға мемлекеттік бақылауды сақтау қажеттілігі (жаңаны құруға бағытталған инвестицияларды салу, қолданыстағы өндірістер мен басқа да шарттарды кеңейту немесе жаңарту);
тиімді инвестициялық бағдарламасы бар инвесторларды тарту қажеттілігі.
инвестициялық тендер түрінде сауда-саттық өткізу

4

Келесі критерийлер болғанда:
Сенімді басқарушының, жалдаушының (жалға алушы) кейінгі жерде сатып алу құқығы бар сенімді басқару, мүлікті жалға алушының шарт талаптарын орындауына белгілі бір уақыт аралығында Нысанға мемлекеттік бақылауды сақтау қажеттілігі.
тура адрестік сату

5

Келесі критерийлер болғанда:
Бұдан әрі оларды бақылауға мемлекеттің қызығушылығы болмаған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды тарату;
белгіленген заңнамалық мерзімде Нысанды сатудан бюджетке ақша қаражатын алудың қажеттілігі.
қор биржасында сауда-саттық өткізу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады