Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы N 296 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте N 2944 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы N 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 20.08.2015 N 309 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiнші жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 296 қаулысымен бекітілген

"Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысының негізінде облыстың дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы – "Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады, олардың мекенжайлары "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті) 1-қосымшада көрсетілген.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған, жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – спорттық атақ беру туралы, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді бастау үшін негіз болып табылады.
      1) "Спорт шеберіне кандидат" спорттық атағын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
      2) "1 разрядтағы спортшы" спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      спорт түрі бойынша аудандық (қалалық) федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша аудандық (қалалық) федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы" және "Біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы" санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама ("Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы" санатын беруді қоспағанда);
      спорт түрі бойынша республикалық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері ("Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы" біліктілік санатын беруді қоспағанда);
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      4) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" және "Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      5) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы" санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы димпломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      спорт түрлері бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      6) "Бірінші санатты спорт төрешісі" төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
      Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесінің талаптарына сәйкес төрешілік тәжірибесі курсынан өткенін растайтын құжат;
      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) құжаттарды ХҚО-нан алу және оларды басшыға беру (15 минут);
      2) басшымен ұсынылған құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыға жолдау (1 жұмыс күні ішінде);
      3) құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексеру, комиссияның қарастыруына жолдау (1 жұмыс күні ішінде);
      4) комиссияның спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру немесе спорттық атақты, разрядты және спорт төрешісі санатын беру туралы шешімі (күнтізбелік 20 күн ішінде);
      5) спорттық атақтар, спорттық разрядтар және спорт төрешісі санатын беру туралы бұйрық шығару (үш жұмыс күні ішінде);
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін әзірлеу және қол қоюға жолдау (1 жұмыс күні ішінде);
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою (1 сағат ішінде);
      8) мемлекеттік қызмет көрсету тіркейді және ХҚО жолдайды (1 жұмыс күні ішінде).
      6. Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижелері:
      1) ХҚО-дан құжаттарды алу туралы қолхат және оларды жергілікті атқарушы органның басшысына қарастыруға беру;
      2) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдау;
      3) құжаттарды спорттық атақтар, разрядтарды беру жөніндегі комиссияның қарастыруына жолдау;
      4) комиссия отырысының хаттамасы;
      5) бұйрық;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жергілікті атқарушы органның басшысына қол қоюға жолдау;
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап;
      8) нәтижені ХҚО жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы;
      2) спорттық атақтар, разрядтар беру жөніндегі комиссия;
      3) жергілікті атқарушы органның басшысы.
      8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекетінің тәртібі мен кезектілігі:
      1) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы құжаттарды ХҚО-дан қабылдайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қарастыруға жолдайды;.
      2) жергілікті атқарушы органның басшысы ұсынылған құжаттарды қарастыруды іске асырады, құжаттарды жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексеруді іске асырады, спорттық атақтар, разрядтар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі –Комиссия) қарастыруына жолдайды.
      4) комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады. Отырыста қарастыру кезінде комиссия спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы шешім қабылдайды;
      5) жергілікті атқарушы органның басшысы Комиссия хаттамасы негізінде, Комиссия отырыс өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы бұйрық шығарады;
      6) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қол қоюға жолдайды;
      7) жергілікті атқарушы органның басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдайды;
      8) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және ХҚО-ға жолдайды.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. ХҚО-ға жүгіну тәртібі, көрсетілетін қызметті алушының сауалын өңдеу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы немесе оның өкілі (нотариалды расталған сенімхат бойынша) ХҚО-ға жүгінген кезде қызметкерге жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) және осы регламентке 4-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      2) ХҚО инспекторы құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттардың толық топтамасы болған кезде, мыналарды көрсете отыра, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
      сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күту уақытының ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут, қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      4) ХҚО инспекторы құжаттардың толық топтамасы болған кезде оларды ХҚО жинақтаушы бөлімінің инспекторына береді, ал ол өз кезегінде оларды жергілікті атқарушы органға жолдайды.
      Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен осы регламентке 7-қосымшада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ХҚО арқылы алу үдерісі, оның ұзықтығы:
      1) ХҚО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын және сенімхатты (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде береді.
      2) қолхат және жеке куәлік болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі беріледі.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмесе, ХҚО оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
      Спорттық атақ беру туралы куәлікті, жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы санатын беру туралы куәлікті, спорт төрешісі санатын беру туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-да осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымшаға сәйкес нысанды толтыруы қажет.
      3) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу ұзақтығы күнтізбелік 30 (отыз) күн, Стандарттың 4-тармағына сәйкес. ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысқан ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында келтірілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 7-қосымшасына сәйкес.

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi
санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру ХҚО арқылы

Орталықтардың атауы
Заңды мекенжайлары
Байланыс телефондары
Жұмыс кестесі
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Петропавл қаласының № 1 бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157.
8 (7152) 33-31-03
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Петропавл қаласының № 2 бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72.
8 (7152) 33-02-29
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi
санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

      Нысан

ҰСЫНЫМ
Атағы
Фотосурет орны
Спорт түрі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)
Туған күні
ЖСН
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)
Ведомство
Спорт мектебі
Оқу, жұмыс орны
Білімі
Дене шынықтыру білімі
Спортпен шұғылдану өтілі
Үйінің мекенжайы
Алдыңғы атағы
Атақ берілген немесе расталған күн
 
 
Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жаттықтырушылық санаты
 
 
 
 
 
 
Бастапқы дене шынықтыру ұйымы
Басшы ________
МО
Күні 20___ ж. "__"___
Дене шынықтыру және спорт басқармасы (облыс, қала)
Басшы ________
МО
Күні 20___ж. "__"___
Спорт түрлері бойынша федерацияның филиалы және (немесе) осы спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының өңірлік немесе жергілікті деңгейдегі федерациясы
Басшы ________
МО
Күні 20____ж. "__"___

      Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20___ж. "___"__________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындаған күні (күні, айы, жылы)
Жарыстардың атауы
Жарыс дәрежесі, санаты
Көрсеткен нәтижесі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Төреші лауазымы
Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қала (ел)
Төрешілік санаты
Бас төреші
 
 
 
Бас хатшы
 
 
 
Аға төреші
 
 
 
Атақ беру туралы белгі
Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы
 
 
 
тәртіп бұзушылық туралы белгі
Жіберілген күні 20__ж. "___"_________

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi
санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

            Нысан

            ____________________________________________________________________

            (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

            біліктілік комиссиясының төрағасы ____________________________________

            ӨТІНІШ

      ________________________
      (спорт түрі)
       Мен, ________________________________________________________
      құрметті атағы _________________
      жұмыс орны, атқаратын қызметі___________________________________
      жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі_____________________________
       Маған ________________________________________________________ беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
      Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме ретінде санаймын: _________________________________________________________
       Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының лауазымдарына арналған біліктілік талаптарымен таныстым ______________________________
      "___" ___________ 20___ ж. ________________
       (жеке қолы)
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________
      20 __ жылғы "______ "_________________

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт
төрешiсi" cпорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

      Нысан
      Жаттықтырушының спортшыларды даярлауы туралы анықтама
      __________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Р/с №
Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы
Спортшымен жұмыс істеген өтілі
Растаушы құжат
Спорттық нәтижесі
Тіркелген (берілген) орны
Растаушы құжат
 
 
 
 
 
 
 
 

      Басшының қолы ____________
      М.О. 20 ___ ж. "____" ____________
      Дене шынықтыру және спорт жөніндегі
      облыстық (республикалық маңызы
      бар қаланың, астананың) басқарма
      басшысының қолы ____________
      М.О. 20 ___ ж. "_____" ___________

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi"
cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша

            Нысан

            (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

            не ұйымының атауы)

            ____________________________________________

            көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

            Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
       1. _______________________________;
       2. _______________________________;
       3 ....
      ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
       Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
       Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________________
      Телефоны: ____________________
      Алды: аты-жөні /көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ ж. "___" _________

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi
санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен санаттарын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымша

            Нысан

            ____________________________________________________________________

            (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

            біліктілік комиссиясының төрағасы

            ____________________________________

            ӨТІНІШ

       Мен ___________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      __________________________________________________________ бойынша
       (атағы) (спорт түрі)
      __________________________________________________ қаланың/облыстың
       (спорттық атағына ұсыныс берілген жер)
      тұрғыны __________________________ жоғалуына байланысты куәлікті
       (спорттық атақ берілген жылды шамамен көрсету)
      жаңадан беруді сұраймын.
      20___ ж. "___" ______________ ____________________
       (жеке қолы)

  "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi
санатты спорт төрешiсi" cпорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 7-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің
Анықтамалығы
("Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру")

      Шартты белгілер:
      


      


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 296 қаулысымен бекітілген

"Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламеті
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысының негізінде облыстың дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен – аудандардың және Петропавл қаласының "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады, олардың мекенжайлары "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетінінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламеті) 1-қосымшада көрсетілген.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған, жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – спорттық атақ беру туралы, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді бастау үшін негіз болып табылады.
      1) "2 разряд спортшысы", "3 разряд спортшысы", "1 жасөспірімдік разряд спортшысы", "2 жасөспірімдік разряд спортшысы", "3 жасөспірімдік разряд спортшысы" спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;
      спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы" санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама ("Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы" санатын беруді қоспағанда);
      спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері ("Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы" санатын беруді қоспағанда);
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер" санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      4) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы" санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      5) "Спорт төрешісі" төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін керек);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесінің талаптарына сәйкес төрешілік тәжірибесін (курстар, семинарлардан өткенін) растайтын құжат;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) құжаттарды ХҚО-нан алу және оларды басшыға беру (15 минут);
      2) басшымен ұсынылған құжаттарды қарастыру және жауапты орындаушыға жолдау (1 жұмыс күні ішінде);
      3) құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексеру, комиссияның қарастыруына жолдау (1 жұмыс күні ішінде);
      4) комиссияның спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру немесе спорттық атақты, разрядты және спорт төрешісі санатын беру туралы шешімі (күнтізбелік 20 күн ішінде);
      5) спорттық атақтар, спорттық разрядтар және спорт төрешісі санатын беру туралы бұйрық шығару (үш жұмыс күні ішінде);
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін әзірлеу және қол қоюға жолдау (1 жұмыс күні ішінде);
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою (1 сағат ішінде);
      8) мемлекеттік қызмет көрсету тіркейді және ХҚО жолдайды (1 жұмыс күні ішінде).
      6. Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижелері:
      1) ХҚО-дан құжаттарды алу туралы қолхат және оларды жергілікті атқарушы органның басшысына қарастыруға беру;
      2) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдау;
      3) құжаттарды спорттық атақтар, разрядтарды беру жөніндегі комиссияның қарастыруына жолдау;
      4) комиссия отырысының хаттамасы;
      5) бұйрық;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жергілікті атқарушы органның басшысына қол қоюға жолдау;
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап;
      8) нәтижені ХҚО жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы;
      2) спорттық атақтар, разрядтар беру жөніндегі комиссия;
      3) жергілікті атқарушы органның басшысы.
      8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекетінің тәртібі мен кезектілігі:
      1) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы құжаттарды ХҚО-дан қабылдайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қарастыруға жолдайды;.
      2) жергілікті атқарушы органның басшысы ұсынылған құжаттарды қарастыруды іске асырады, құжаттарды жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексеруді іске асырады, спорттық атақтар, разрядтар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі –Комиссия) қарастыруына жолдайды.
      4) комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады. Отырыста қарастыру кезінде комиссия спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы шешім қабылдайды;
      5) жергілікті атқарушы органның басшысы Комиссия хаттамасы негізінде, Комиссия отырыс өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде спорттық атақ, разряд және спорт төрешісі санатын беру туралы бұйрық шығарады;
      6) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қол қоюға жолдайды;
      7) жергілікті атқарушы органның басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдайды;
      8) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және ХҚО-ға жолдайды.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. ХҚО-ға жүгіну тәртібі, көрсетілетін қызметті алушының сауалын өңдеу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы немесе оның өкілі (нотариалды расталған сенімхат бойынша) ХҚО-ға жүгінген кезде қызметкерге жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) және осы регламентке 4-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      2) ХҚКО инспекторы құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттардың толық топтамасы болған кезде, мыналарды көрсете отыра, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
      сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күту уақытының ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут, қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      4) ХҚО инспекторы құжаттардың толық топтамасы болған кезде оларды ХҚО жинақтаушы бөлімінің инспекторына береді, ал ол өз кезегінде оларды жергілікті атқарушы органға жолдайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ХҚО арқылы алу үдерісі, оның ұзықтығы:
      1) ХҚО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын және сенімхатты (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде береді.
      2) қолхат және жеке куәлік болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмесе, ХҚО оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға дайын құжаттарды алуға бір ай өткен соң жүгінсе, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, содан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
      Спорттық атақ беру туралы куәлікті, жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы санатын беру туралы куәлікті, спорт төрешісі санатын беру туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-да осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымшаға сәйкес нысанды толтыруы қажет.
      3) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу ұзақтығы күнтізбелік 30 (отыз) күн, Стандарттың 4-тармағына сәйкес. ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      10. мемлекеттік қызмет көрсетуге араластырылған ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекетінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтағышында келтіріліген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 6-қосымшасына сәйкес.

  Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi
және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру ХҚО арқылы

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының атауы
Заңды мекенжайы
Жұмыс кестесі
Байланыс телефоны
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Петропавл қаласының № 1 бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7152-33-12-57
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Петропавл қаласының № 2 бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7152-33-02-29
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Айыртау ауданының бөлімі
Айыртау аудыны, Саумалкөл ауылы, Дәулетбай Сыздықов көшесі, 4
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-32-01-84
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Ақжар ауданының бөлімі
Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Победа көшесі, 67
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7154-62-21-08
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Аққайың ауданының бөлімі
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы,
Труд көшесі,11
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-22-25-86
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Есіл ауданының бөлімі
Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 6
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7154-32-20-03
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Жамбыл ауданының бөлімі
Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Горький көшесі,10 Г
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7154-42-29-16
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Айыртау ауданының бөлімі
Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1 В
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-82-17-46
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Мамлют ауданының бөлімі
Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, С. Мұқанов көшесі,11
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7154-12-21-49
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Мағжан Жұмабаев ауданының бөлімі
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 62
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-12-03-74
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бөлімі
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимка ауылы, Ленин көшесі, 7
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-52-22-19
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Тайынша ауданының бөлімі
Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 208
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-62-36-03
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Тимирязев ауданының бөлімі
Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 17
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-62-36-03
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Уәлиханов ауданының бөлімі
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 80
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7154-22-28-11
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Шал ақын ауданының бөлімі
Шал ақын аудыны, Сергеевка қаласы, Желтоқсан көшесі, 31
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз
8-7153-42-73-80

  "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және
үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт
төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

            Нысан

            ____________________________________________________________________

             (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

            Біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________

            ӨТІНІШ

      ________________________
       (спорт түрі)
       Мен, _________________________________________________________
      құрметті атағы _________________
      жұмыс орны, атқаратын қызметі______________________________________
      жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі_____________________________
      Маған ____________________________________________________________ беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
      Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме ретінде санаймын: _________________________________________________________
      Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының лауазымдарына арналған біліктілік талаптарымен таныстым ______________________________
      20___ ж. "___" ______________ ____________________
       (жеке қолы)
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________
      20 __ жылғы "______ "_________________

  "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және
үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары
мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

      Нысан
      Жаттықтырушының спортшыларды даярлауы туралы анықтама
      __________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Р/с №
Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы
Спортшымен жұмыс істеген өтілі
Растаушы құжат
Спорттық нәтижесі
Тіркелген (берілген) орны
Растаушы құжат
 
 
 
 
 
 
 
 

      Басшының қолы ____________
      М.О. 20 ___ ж. "____" ____________
      Дене шынықтыру және спорт жөніндегі
      облыстық (республикалық маңызы
      бар қаланың, астананың) басқарма басшысының қолы ____________
      М.О. 20 ___ ж. "_____" ___________

  "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi
және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

      Нысан
      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.
      не ұйымының атауы)
      __________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
       1. _______________________________;
       2. _______________________________;
       3. ....
      ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
       Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
       Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
       Орындаушы: Т.А.Ә. ____________________
       Телефоны: ____________________
       Алды: аты-жөні /көрсетілетін қызметті алушының қолы
       20__ ж. "___" _________

  "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және
үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт
төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша

            Нысан

            ____________________________________________________________________

            (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

            біліктілік комиссиясының төрағасы

            ____________________________________

            ӨТІНІШ

       Мен _________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      __________________________________________________________ бойынша
       (атағы) (спорт түрі)
       _____________________________________________ қаланың/облыстың
       (спорттық атағына ұсыныс берілген жер)
      тұрғыны __________________________ жоғалуына байланысты куәлікті
       (спорттық атақ берілген жылды шамамен көрсету)
      жаңадан беруді сұраймын.
      20___ ж. "___" ______________ ____________________
       (жеке қолы)

  "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және
үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi
спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің
Анықтамалығы
("Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру")

      Шартты белгілер:
      


      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады