"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м. а. "КЕЛІСІЛДІ" "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 2014 ж. 9 желтоқсан Е. Жақыпов В. Гриб | |