2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қарашада N 2984 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Науановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі
      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы

А.Тастеміров
 
 
 
 
 
М.Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады