"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсалықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы N 19-1 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі N 24-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда N 2720 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 19-1 «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2545 2014 жылғы 10 ақпанда тіркелген және 2014 жылғы 14 ақпанда «Дала-дидары» газетінде және 2014 жылғы 14 ақпанда «Ақжар-хабар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы»;
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.».
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Зәкенов

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар аудандық мәслихаттың хатшысы         М. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады