Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Тұрысбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жыл 15 қыркүйектегі № 318 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге
сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi
1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
3. Аумақты қардан тазарту.
4. Аумақты қоқыстан тазарту.
5. Аумақты арамшөптен тазарту.
6. Қоқысты жинау және шығару.
7. Жас бұтақтарды кесу.
8. Ағаштарды кесу.
9. Ағаштарды әктеу.
10. Ағаштар егу.
11. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
12. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
13. Шөптi шабу.
14. Ғимараттарды әктеу.
15. Ғимараттарды сырлау.