Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы N 339 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде N 2882 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы N 121 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 13.03.2015 N 121 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын (бұдан әрі - Есеп).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Каменов

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 339 қаулысының қосымшасы

Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Осы ауданның коммуналдық мүлігін (бұдан әрі – Есеп) мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Тәртібі "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған, мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі салудың түрлерін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрін, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлеменің және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – ауданның коммуналдық заңды тұлғалар теңгерімінде тұрған, мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі жылына;
      Рбс – 1 шаршы метр үшін мүліктік жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
      S – жалданатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес жай түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - үй-жайдың жайлылығын ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасудың ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – ұйымдастыру – құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде салудың түрлерін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрін, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлеменің және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері

№ р/с
 
Базалық мөлшерлемесі
 
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
 
Базалық мөлшерлеме көлемі
 
1
 
Қызылжар ауданның елді мекендері
 
Тиісті жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептік көрсеткіш
 

      

№ р/с
 
Коэффициенттер түрі
 
Коэффициент мөлшері
 
1
 
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт):
 
 
 
1.1 кеңсе
 
1
 
1.2 өндірістік
 
0,8
 
1.3 қойма, гараж, қазандық
 
0,6
 
1.4 спорт құрылымдары (стадиондар, спорт залдары)
 
0,7
 
2
 
Тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
 
 
2.1 жеке тұрған құрылым
 
1
 
2.2 жапсара-қоса салынған бөлік
 
0,9
 
2.3 цокольдық (жартылай жертөле) бөлігі
 
0,7
 
2.4 жертөле бөлігі
 
0,6
 
3
 
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
 
 
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары (электр қуаты, канализация, сумен жабдықтау, жылу) бар үй-жайлар үшін қандай да бір коммуникация түрлерінің болмауы кезінде әр түрге 0,1 кемиді
 
1,0
 
 
4
 
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
 
 
 
4.1 аудан орталығы үшін
 
2
 
4.2 ауылдық округ орталығы үшін
 
1
 
4.3 ауылдық елді мекендер үшін
 
0,5
 
5
 
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
 
 
 
5.1 қызметі бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокат кеңселерімен байланысты делдалдық қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және ұйымдар үшін
 
3
 
 
5.2 Банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпочта" АҚ үшін, коммуналдық қызметтер үшін, соның ішінде байланыс, автоматтандырылған телефон станциялары үшін
 
5.3 айырбастау пункттері үшін
 
2,5
 
 
 
5
 
5.4 тренажерлік залдар, фитнес-клубтар, техникалық қызмет көрсету станциясы, шеберханалар ұйымдастыру үшін
 
2
 
5.5 қоғамдық тамақтандыру, қонақүй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерін ұйымдастыру үшін
 
2
 
5.6 білім мекемелерінде қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
 
0,5
 
5.8 білім беру (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйірме қызметі, компьютер сыныптары), балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет көрсету үшін
 
1
 
5.9 өндірістік қызмет үшін
 
2
 
 
5.10 гараж, қойма, сақтау камераларына арналған үй жайлар үшін
 
2
 
 
5.11 өзгелер үшін
 
1,5
 
6
 
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
 
 
 
 
6.1 сауда-делдалдық қызметті есептемегенде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
 
1
 
 
 
6.2 акциялардың мемлекеттік пакетін басқару және пайдалану құқығын жүзеге асырушы, мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты ұсынылған жағдайда, бюджет бағдарламаларын орындаудан кірістің 90 пайызынан кем алмайтын және елу және оданда көп пайыздық акциясы бар (қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
 
3
 
 
 
 
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдары, коммерциялық емес ұйымдар үшін
 
0,5
 
 
 
6.4 өзгелер үшін
 
1
 

      
      3. Көлік құралдарын, жабдықтарын аудандық коммуналдық меншік мүлігін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалға беру (жалға алу) ақысын есептеу.
      Көлік құралдарын, жабдықтарын аудандық коммуналдық меншік мүлігін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалға беру (жалға алу) жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
      мұнда:
      S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
      N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде айқындалады

№ р/с
 
Коэффициент түрлері
 
Коэффициент көлемі
 
1
 
Пайдалану мерзімін ескеретін, коэффициент К1
 
 
 
Автокөлік құралдары;
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланғанда
- 5 жылдан артық пайдаланғанда
 
1,2
1,0
 
 
Жабдық.
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланғанда
- 7 жылдан артық пайдаланғанда
 
1,2
1,0
 
2
 
Пайдаланудың жағдайын ескеретін, коэффициент К2
 
 
 
Автокөлік құралдары, жабдық
- облыс орталығының аумағында пайдалану кезінде
- облыстың өзге аумағында пайдалану кезінде
 
1,4
1,0
 

      
      4. Коэффициент кестесінде болмаған жағдайда, 1,0-ге тең коэффициент қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады