"Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне өзгертулер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 шілдедегі N 34/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда N 2916 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы N 5/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 27.06.2016 N 5/7 шешімімен (мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне (2014 жылғы 14 ақпандағы "Солтүстік жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2546 тіркелген) келесі өзгертулер және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (әрі қарай – Қағида):
      Қағиданың 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (тоқсан сайын, жылына бір рет, 2 жылда бір реттен артық емес) көрсетіледі.";
      Қағиданың 7-тармағының 4)-тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда);";
      Қағиданың 7-тармағының 4)-тармақшасының он үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы ССР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғалар – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда).";
      Қағиданың 7-тармағы келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) 2015 жылдың 9 мамыры – "Жеңіс күні" (Жеңістің 70 жылдығын меркелеу):
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғалар – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
      Қағиданың 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "8. Қиын өмірлік жағдай туындаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      Табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), кірістерді есептемегенде, 40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес, аталған оқиға болған күннен бастап алты ай айдан кешіктірмей өтініш білдірсе;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, сонымен қатар жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тісті протездеуге, ұсынылған шот-фактураның құнына сәйкес (бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір реттен артық емес;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, сонымен қатар жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделуге, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделу құны мөлшерінде, кірісті есептемегенде жылына бір рет;
      туберкулездің белсенді формасымен ауыратын тұлғаларға тоқсан сайын емделу мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
С. Костарев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2014 жылғы 31 шілде
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады