2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 589 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда N 3014 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 2016 жылғы 5 қаңтардағы N 12.1.7-1/02 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 5.01.2016 N 12.1.7-1/02 хаты).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
      2. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз адамдар;
      3) он екі айдан астам жұмыс істемейтін адамдар;
      4) мүлдем жұмыс істейтін бір адамы жоқ отбасылардағы адамдар;
      5) толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істейтін, босатылған адамдар;
      6) Өз еркі бойынша жұмыстан босатылған адамдар;
      7) уақытша және маусымды жұмыстарға қатысқан адамдар;
      8) техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері (аяқтағаннан кейінгі үш жылдың ішінде).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Құсайынов Азамат Күшқайратұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы
 
Тайынша ауданының әкімі
С. Салтықов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады