2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 388 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда N 3086 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамкорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе кадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
      2. 2015 жылғы арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) отбасында жұмыс істейтіндер жоқ тұлғалар;
      4) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 12.02.2015 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі

А. Төрегелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады