«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 Қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2015 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне (келісім бойынша) тіркелу жылына он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімінің орындауына бақылау әлеуметтік мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Зина Сапуанқызы Байғаскинаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 2015 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда N 3020 болып тіркелді
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз