Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 7 ақпандағы № 94-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 ақпандағы № 169-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 2853 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 193-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 16.05.2014 № 193-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 7 ақпандағы № 94-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2706 санымен тіркелген, "Нарын таңы" газетінде 2013 жылғы 14 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4 тармақта:
      "2 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 7 тармағының 9) тармақшасы" сөздерімен толықтырылсын;
      2) қағиданың 7 тармақтың 3) тармақшасы:
      уәкілетті органға:
      мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен жай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      3) қағиданың 9 тармағының 3) тармақшасы мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді, орысша тілінде жаңа мәтінде мазмұндалсын:
      "3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанция за природный газ".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
      3. Осы шешімнің 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1 тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХVІІІ сессиясының төрағасы             А. Аманбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ж. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады