Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № XXIX-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қаңтарда № 3078 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № XXXIV-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 15.09.2015 № XXXIV-4 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Аққайнановқа) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы: М. Борашев
      Мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 25 желтоқсандағы
№ ХХІХ-4 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 25 желтоқсандағы
№ ХХІХ-4 шешімімен бекітілген

Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы (әрі қарай - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) көрсетілетін қызметті беруші – "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      4) көрсетілетін қызметті алушылар-тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, Қызылқоға ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
      5) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
      7) ЭЦҚ-электронды цифрлық қолтаңба (әрі қарай - ЭЦҚ).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 27.03.2015 № XXX-6 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне бес пайызбен қатынасы.
      3. Тұрғын үйді (пәтерлерді) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалатын шығындардың көлем нормалары коммуналдық кәсіпорындарымен белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Көрсетілетін қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) халыққа қызмет көрсету орталығына:
      осы Қағидадағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
      осы Қағидадағы 2-қосымшаның 1, 5, 6, 7-тармақтарында, 8 тармағының 2) тармақшасында және 10-тармағында көрсетілген отбасының табысын растайтын құжаттар;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      2) www.egov.kz порталына:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      осы Қағидадағы 2-қосымшаның 1, 5, 6, 7-тармақтарында, 8 тармағының 2) тармақшасында және 10-тармағында көрсетілген отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың электрондық көшірмесі;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
      5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылқоға ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 27.03.2015 № XXX-6 шешімімен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Өтініш иесі табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгертуге және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын жағдайлар туралы уәкілетті органға хабарлайды.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасымен айқындалады.

Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемін қаржыландыру аудандық бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.
      10. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ереже

      11. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.

  Қызылқоға ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің қағидасына 1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

       Мен ___________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы) тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы) болып табыламын, жеке куәлік № _____________, ____________________ берген.
       Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін _______________________________________
       мекенжайы бойынша ______________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.


Өтініш берушінің отбасы мүшелері Т.А.Ә.
Туған жылы
Туыстық қатынасы
Әлеуметтік мәртебесі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтінішке _______ дана қажетті құжаттарды қоса беремін.
       Жеке шотының №___________________, банктің атауы __________________
       Күні: 20__ жылғы "____" ______ Өтініш берушінің қолы _________

  Қызылқоға ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің қағидасына 2 қосымша

Отбасының табысын растайтын құжаттар тізбесі


Талап
Ұсыну түрі
1
Еңбекақы түрінде алынатын табыстар
Көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтама
2
Әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар
Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады
3
Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар
Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады
4
Балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түріндегі табыстар
Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады
5
Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан
Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беру мен сату туралы көрсетілетін қызметті алушыдан еркін нысандағы түсініктеме
6
Жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған
Сатып алу-сату туралы шарттың көшірмесі
7
Ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде
Жинақ кітапшаларының көшірмесі
8
Білім алушылардың стипендиясы
1) Жоғары оқу орындарындағы білім алушылар үшін анықтаманы ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) Орта оқу орындардағы білім алушылар үшін стипендиядан алынатын табысты растайтын анықтаманың көшірмесі
9
Азаматтың жұмыссыз мәртебесін растау
Ұсыну талап етілмейді, ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады
10
Жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс
Жеке қосалқы шаруашылық - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылық туралы жергілікті атқарушы органнан анықтама

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады