РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" 27 шілдедегі 2007 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 30 шілдедегі № 196 "2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2352-нөмiрмен тiркелген, 2013 жылғы 7 тамызда "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасында:
"Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм басқармасының "Оңтүстiк Қазақстан политехникалық колледжi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны | 0802000 | Мұнай-газ құбырлары және мұнай газ қоймаларын салу және пайдалану | ||
0802043 | Техник | 25 | ||
0907000 | Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелерi (түрлерi бойынша) | |||
0907033 | Жылу технигi | 25 | 25 | |
0819000 | Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы | |||
0819073 | Техник-технолог | 25 | 25 | |
0814000 | Полимер өндiрiсiнiң технологиясы | |||
0814023 | Техник -технолог | 25 | 25 | |
0812000 | Резеңке техникалық өндiрiс | |||
0812083 | Техник - технолог | 25 | 25 | |
0813000 | Шина өндiрiсi және көркейту процесi технологиясы | |||
0813023 | Техник | 25 | 25 | |
Барлығы | 150 | 150 |
"Ізденіс" көп салалы колледжі ЖШС" деген бағаны алынып тасталынсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |