"Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 238 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 2760 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 28.11.2014 № 377 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.

      Облыс әкімі міндетін атқарушы              Б.Оспанов

      Б. Жылқышиев
      Ә. Бектаев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«25» шілде № 238 қаулысына қосымша

«Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Республика даңғылы, 12 а, индексі 160019.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      14. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық мүліктік құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      облыс аумағында мектепке дейінгі, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мемлекеттік басқару қызметін тиімді іске асыру және балалардың құқығын қорғау болып табылады.
      16. Міндеттері:
      1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарын, облыс әкімдігінің қаулыларын және орталық атқарушы органдардың өзге де нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      3) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді ақысыз орта білім алуын қамтамасыз ету;
      4) өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңірлік есебін жүргізу;
      5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияларды құрады, олардың кешендi түрде тексерiлуiн жүргiзедi және оларды одан әрi оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      17. Функциялары:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
      3) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
      4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) облыс әкімдігіне мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басын қаржыландыру мен ата-аналық төлемнің мөлшерін бекіту туралы ұсыныс енгізеді;
      6) облыс әкімдігіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
      7) облыс әкімдігіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді;
      8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      10) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
      11) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн қағаз және электрондық жеткiзгiштерде оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
      12) жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалардың жарыстарын, облыс көлеміндегі орындаушылардың және кәсіби шеберлердің конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      13) облыстық деңгейде іске асырылатын балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      14) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      15) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      16) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
      17) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      19) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      20) жыл сайын 15 сәуірге дейін білім және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға ауылдық жерлердің кадрларға деген қажеттілігі жөнінде ұсынылған өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастырумен өтінімдер береді;
      21) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
      22) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      25) қамқоршылық кеңестерге жәрдемдеседі;
      26) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      27) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      28) орта білім беретін мемлекеттік мекемелерге – конкурс жеңімпаздарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;
      29) мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      31) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
      32) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      33) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      34) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
      35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, конференциялар, семинарлар мен өзге де оқыту нысандарын ұйымдастыру және мамандармен білім беру саласында тәжірибе алмасуға;
      2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға жедел ақпарат ұсынуға;
      3) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдауға;
      4) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар беруге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын іске асыруға дербес жауапты болып табылатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;
      2) «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
      6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін бiлдiредi;
      7) шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) банктік шоттар ашады;
      10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      11) «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерiне, қарамағындағы мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      12) сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы күресті күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
      13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      24. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      26. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiкті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебінен сатып алынған мүлiкті өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Қазығұрт ауданының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын № 1 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Мақтаарал ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) «Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 12 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 1 қазақ-түрік ер балалар лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогтық кеңес беру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Мақтаарал ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Мақтаарал ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Отырар ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Төлеби ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Созақ ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Түлкібас ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Сайрам ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Сарыағаш ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Бәйдібек ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Кентау қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Түркістан қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ордабасы ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Қазығұрт ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      37) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ленгір көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      38) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      39) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      40) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      41) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Түркістан көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      42) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      43) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент № 1 саңырау балалардың мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      44) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Естімейтін балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      45) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      46) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      47) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      48) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ерекше жағдайда тәрбиелеуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ девианттық мінез құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      49) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      50) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      51) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 3 Шымкент балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      52) «№ 2 Төлеби балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      53) «№ 4 Сайрам балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      54) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      55) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      56) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      57) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 1 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 2 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 3 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 4 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 5 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      6) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 6 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 7 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      8) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 8 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      9) Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің «№ 9 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 10 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      11) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 11 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      12) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 12 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      13) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 13 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      14) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының № 14 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      15) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 15 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      16) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 16 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      17) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 17 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      18) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының № 18 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      19) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 19 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      20) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Дәуренбек Құрманбек атындағы № 20 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      21) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 21 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      22) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 23 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      23) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 24 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      24) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 25 Д.Қонаев атындағы колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      25) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу-практикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналы кәсіпорны;
      27) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық «Тау самалы» облыстық оқу-сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      28) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29) «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық жас туристер станциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      31) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      32) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      35) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      37) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      38) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      40) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Кентау көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны;
      41) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан саз колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады