"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасының Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй салу бағытына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің Тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 40 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 ақпанда № 2539 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 363 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалаcының әкімдігінің 01.04.2015 № 363 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасын бекіту туралы № 821 қаулысына, Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігінің 16.04.2013 жылғы № Д-2069 хатына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасының Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй салу бағытына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің Тәртібі бекітілсін.
      2. «Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Құрманбек) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Д.Сатыбалды

Шымкент қаласы әкімдігінің
27 қаңтар 2014 жылғы
№ 40 қаулысымен бекітілген

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасының Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй салу бағытына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің
Тәртібі

      1. Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға бергенге дейін кемінде 6 ай бұрын «Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» (әрі қарай-уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесімен басталады.
      Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер аз болған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.
      2. Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қабылдаған кезде уәкілетті орган өтініш иелерінің Бағдарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді:
      1) Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы не балаларды (баланы) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір (тұл ер) ата-ананың біреуі тәрбиелеп отырған толық емес отбасы, болуы;
      2) толық емес отбасыны қоспағанда, өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы;
      3) отбасының құрамына ерлi-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлi-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады;
      4) Бағдарламаның шеңберінде тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылатын елді мекенде Бағдарламаға қатысушының кемінде 2 жыл тіркеуде болуы;
      5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерiнде сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үйге қоныстану үшiн Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берген елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы;
      6) соңғы 5 жыл iшiнде ерлi-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактiлерiнiң болмауы;
      7) өтiнiш берердiң алдындағы соңғы 6 айда отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:
      ең төменгі – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3 есе мөлшерi;
      ең жоғарғы – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 12 есе мөлшерiнен артық емес.
      3. Құжаттарды қабылдау тоқтатылғаннан кейін өтініш берушілердің баллын санау 5 санат (1, 2, 3 балалы отбасылар, баласы жоқ отбасылар, толық емес отбасылар) бойынша Бағдарламада көзделген өлшем шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      4. Тұрғын үйлерді 5 санат бойынша бөлу кезектілігі жинақталған балл санына қарай анықталады (балл санының көптігіне сай). Балл саны тең болған жағдайда, артықшылық өтінішті бұрын берген үміткерге беріледі.
      5. Тұрғын үйлерді бөлу Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы мен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 26.08.2011 жылғы № 304 бұйрығына сәйкес, санат бойынша тiзiмдердiң санына барабар жүргiзіледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады