РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі Б.Қалжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Д.Сатыбалды |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 1327 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тоқаев қөшесі № 14Б, телефоны: 54-58-46, индексі 160000.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы:"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізу.
15. Міндеттері:
1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықты актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
5) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
6) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, соңдай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді;
9) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
10) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
11) халықты әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жердемдеседі;
13) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру;
14) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
15) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
16) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
17) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
16. Функциялары:
1) өтініштерді, хаттарды қарау және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
3) Мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
2) "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
17. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшылықты "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге жүктелген міңдеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірнші басшы жүзеге асырады.18. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Шымкент қаласының әкімімен қалалық мәслихаттың келісімімен лауазымына тағайындалады және босатылады.
19. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттарды береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде өкімдер шығарады, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларымен өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
22. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.