РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 16.04.2015 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ауелбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 16.04.2015 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Қала атауы | Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны | Оның iшiнде | |
республикалық бюджет есебiнен | жергiлiктi бюджет есебiнен | |||
1 | Кентау қаласы | 4275 | 2635 | 1640 |
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшерi
Айына бiр тәрбиеленушiге кететiн орташа шығыс, теңге | |
Бөбекжай-балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
19401,80 | 12122,40 |
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
Барлығы | Күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
357,00 | 7497,00 |
Ескертпе: Айына бiр балаға тамаққа кететiн шығын 21 күнге есептелген.