Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19/114-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 27/159-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 2642 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 38/207-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 19.12.2014 № 38/207-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына cәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша әлеуметтік көмек көрсету үшін, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19/114-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2391 тіркелген, 2013 жылдың 09 қарашадағы «Түркістан», «Туркистон» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Б.Тұрды

      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          М.Ибраим

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады