Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 6/40-V "Қазығұрт ауданы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерic енгiзу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 33/221-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілдеде № 2739 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 14/84-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 07.04.2017 № 14/84-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 6/40-V "Қазығұрт ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-165 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 5 шілдедегі "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қазығұрт ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      16 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "16. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Сманов
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады