Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 278 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 2744 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 30 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 06.01.2015 № 30 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2510 тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтарда «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      2 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.»;
      келесі мазмұндағы 2 – 1 – тармақпен толықтырылсын:
      «2 – 1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi» қосымшада:
      реттік нөмірі 1 және 2 жолдары келесі редакцияда жазылсын:
      «

1.

«Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жігерген ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қызылқия ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Тұрбат ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарапхана ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарбұлақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

тұрғындардың үйлерiн аралау, ауылдық округтердiң әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу

169

6000 үй

аудандық бюджет

2.

«Ынтымақ» селолық тұтыну кооперативі, «Ынталы» селолық тұтыну кооперативі, «Қазығұрт» селолық тұтыну кооперативі, «Ақтас» селолық тұтыну кооперативі, «Шарбұлақ» селолық тұтыну кооперативі, «Шанақ» селолық тұтыну кооперативі

қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету аумақты абаттандыру және көгалдандыру

79

248000 шаршы метр

аудандық бюджет

      »;
      реттік нөмірі 5 жолы келесі редакцияда жазылсын:
      «

5.

«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі

жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтiм көрсету, үй аралау

5

86 жалғызілікті қарттар, 82 мүгедек балалар

аудандық бюджет

      »;
      реттік нөмірі 25 және 29 жолдары алынып тасталсын.
      2. «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады