Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 16.01.2015 № 231 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Отырар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 108 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2536 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Отырар алқабы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Қ.Қ.Кизбай/ жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ибадуллаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Полатов