Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 10.09.2014 № 245 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 12 ақпандағы № 01-04/67 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көлкент ауыл округі Теспе ауылының Қ.Жандарбеков көшесінде тұратын азамат Н Ормановтың иті құтырық ауруымен ауруына байланысты Теспе ауылының Қ.Жандарбеков көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлкент ауыл округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы С.Айнабеков