Манкент ауыл округі Манкент ауылының Улуғбек көшесінде шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 22 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 2681 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылы округі әкімінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылы округі әкімінің 10.09.2014 № 46 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2014 жылғы 12 ақпандағы № 01-04/66 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы аурулардың ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Манкент ауылдық округі Манкент ауылының Улуғбек көшесінде тұратын азамат Р.Бегметовты тістеген белгісіз иттің құтырық ауруымен ауруына байланысты Манкент ауылының Улуғбек көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Манкент ауыл округінің әкімі               Ш.Убайдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады