Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 15-124-V "Сарыағаш ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29-237-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 2646 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 54-480-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 07.09.2020 № 54-480-VI шешiмiмен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 15-124-V "Сарыағаш ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2257 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Сарыағаш" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Сарыағаш ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      5-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;";

      7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Тотиков
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады