Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округі әкімінің 26.06.2014 № 17 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 10 ақпанындағы № 02-17/59 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылға ауылдық округі Шеңгелді ауылының Т.Бекмурзаев көшесінде тұратын азамат С.Умирбаевтың мүйізді ірі қара малы құтырық ауруымен ауруына байланысты Т.Бекмурзаев көшесінің шығысында Майбұлақ көшесімен, батысында Теміржолшылар көшесімен қиылысқан жеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылға ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Алтынбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылға ауылдық округінің әкімі Б.Сапарбаев