Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 19.06.2015 № 41/200-V шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/119-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттардың тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2493 тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтарындағы «Ленгер жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) басылымдарға жазылу үшін – Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С.Құлманов
Аудандық мәслихат хатшысының міндетін
уақытша атқарушы А.Исабеков