Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 81 "2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 523 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қазанда № 2851 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 7-455 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 25 ақпандағы 7-455 хатымен)
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 81 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2568 тіркелген, 2014 жылғы 21 наурызда "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің міндетін уақытша
      атқарушы

М.Пернебеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады