Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 10 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 346 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 тамызда № 2786 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 03-377 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 27.02.2015 № 03-377 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 10 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2521 тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда «Өскен-өңір» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
      2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ж.Тұрлыбеков) жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Айтуреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады